Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тілепберген Каюпов БҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Тілепберген Каюпов
Тілепберген Каюпов. Фото: instagram.com/batys_kz

Президент әкімшілігінің келісімімен және Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Тілепберген Ерсайұлы Каюпов БҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы БҚО әкімдігі Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тілепберген Каюпов 1976 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1997 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін бухгалтер-қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Казталов аудандық салық комитетінің инспекторы, Казталов аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы, БҚО қаржы басқармасының бөлім басшысы, басшының орынбасары, Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары, БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, БҚО әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшысы болып қызмет етті.

Тілепберген Каюпов стратегия және экономикалық даму, қаржы, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, еңбек инспекциясы, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Еске сала кетсек, 16 ақпанда Орал қаласы әкімінің орынбасары болып Жандос Дүйсенғалиев тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2009814-tilepbergen-kayupov-bqo-akiminin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel