Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еділ Оспан Оқу-ағарту вице-министрі болды

Опубликовано:

Еділ Оспан
Еділ Оспан. Фото: Т.me/KZgovernment

Үкімет қаулысымен Еділ Сабырұлы Оспан Оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми-арнасында.

Еділ Оспан 1983 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.

А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Ұлыбританиядағы Эксетер унивреситетін (University of Exeter) бітірген.

Заң ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы "Құқық және экономика" колледжінің оқытушысы болып бастаған.

Әр жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің оқытушысы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген.

Сондай-ақ 2007 – 2010 жылдары – парламент мәжілісі депутатының көмекшісі.

2010 – 2019 жылдары – президент әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сарапшысы, инспекторы.

2019-2020 жылдары – Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары.

2020 жылы – Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.

2020 жылғы қарашадан 2021 жылғы ақпанға дейін премьер-министр кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2021 жылғы ақпаннан 2023 жылғы ақпанға дейін премьер-министр кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2023 жылғы ақпан айынан бастап осы тағайындауға дейін үкімет Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2010027-eki-ministrlikke-zana-vice-ministrler-tagaiyndaldy/

pixel