Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшесі Талғат Қалиевті қабылдады

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының" директоры Талғат Қалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Ұлттық құрылтай мүшесі президентке елімізде жүргізіліп жатқан реформалар аясында ұлттық бірегейлікті дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар саясаттанушы зерттеу орталықтарының қоғамдағы рөлі, соның ішінде "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының" атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Айта кетсек, бұған дейін президент агроөнеркәсіп кешені саласындағы бизнес өкілдерімен кездесу өткізген еді. Жиында ауыл шаруашылығын дамытудың түйткілді мәселелері мен перспективалары талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2010450-memleket-bassysy-ulttyq-quryltai-musesi-talgat-qalievti-qabyldady/

pixel