Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ: Біз Ресей тарапынан қауіп-қатер көріп тұрған жоқпыз

Жарияланған күні:

Мұхтар Тілеуберді
Мұхтар Тілеуберді. Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі АҚШ-тың мемлекеттік хатшысымен болған баспасөз конференциясында америкалық журналистің Қазақстанға Ресей тарапынан қауіп төніп тұр ма деген сауалына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан өз аумағын санкциядан айналып өту үшін пайдалануға жол бермейтінін мәлімдеді. Бұл ретте, оның сөзінше ол Ресей тарапынан қандай да бір қауіп көріп тұрған жоқ.

"Біз дәл қазіргі сәтте Ресей Федерациясы тарапынан қандай да бір қауіп-қатер көріп тұрған жоқпыз. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың, ҰҚШҰ-ның, ТМД-ға мүше және Ресеймен шекаралас немесе осы аймақта орналасқан өзге де мемлекеттермен бірге, біз Ресеймен қарым-қатынасты осы көпжақты құрылымдар аясында жұмыс істейтін альянс ретінде қарастырамыз", - деп жауап берді министр америкалық журналистің сұрағына.

Осы ретте ол, Қазақстан әлемнің барлық елдерімен өзара тиімді ынтымақтастық мақсатында көпвекторлы сыртқы саясат жүргізуді жалғастыратынын атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келген еді. Осы сапарында ол еліміздегі Америка Құрама Штаттарының елшілігінің жұмысына алғысын білдіріп, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздер жүргізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011223-sim-biz-resei-tarapynan-qauip-qater-korip-turgan-zoqpyz/