Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұзақ уақыт ұмытылмайды": Блинкен желіде қазақша амандасып, Қазақстанға сапарынан суреттер жариялады

Опубликовано:

Блинкен студенттермен
Энтони Блинкен Қазақ ұлттық өнер университетінде. Фото: twitter.com/SecBlinken

Қазақстанға ресми ресми іссапармен келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен өзінің Twitter-дегі парақшасында Астанадағы кездесулерінен суреттер мен видеоларды бөлісті.

Блинкен өз парақшасында АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қызметкерлерімен түскен суреттерін жариялап, олардың жұмысына алғыс білдірді.

"Екі жақты қарым-қатынасты, Қазақстандағы реформаларды қолдайтын ведомствоаралық ұжымға алғыс айтамын. АҚШ елшілігінің ұжымы екі ел арасындағы байланысты нығайтуға күн сайын ықпал етіп жатыр", - деп жазды Энтони Блинкен.

Блинкен Қазақстанға келген сапарында Қазақ ұлттық өнер университетін де аралап үлгерді. Ол университеттегі суреттерін парақшасында бөлісті.

"Ердана Ержанұлының ұлттық өнер университетінде өткен таңғы шоуында қазақ тілін, музыкасы мен мәдениетін, қазақ болмысына ғана тән ерекшелікті танып-білдім. Домбырада орындалған керемет орындау үшін де көп рақмет. Қазақстанда кездескен жылы шырайлы, ақжарқын халық есте қалады", - деп ол суреттеріне жазба қалдырды.

Сонымен қатар АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы ҚазҰӨУ-де түсірілген бейнероликті жариялап, журналист Ердана Ержанұлының ағылшын тілінде өткізген экскурсиясы үшін ерекше алғыс білдірді.

"Қазақ ұлттық өнер университетінің тамаша музыкалық турына маған гид болғаныңыз үшін рақмет. Бұл мен үшін ұзақ уақыт ұмытылмайтын сәт болды", - деп ағынан жарылды Блинкен.

Мәдени бағдарламадан бөлек, АҚШ мемлекеттік хатшысы әлеуметтік желіде жұмыс сәттеріндегі суреттерін де бөлісті. Сонымен қатар ол СІМ басшысы Мұхтар Тілеубердімен кездесуден суреттерді жариялап, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдауы үшін алғысын білдірді.

"Астанада жылы қарсы алғаныңыз үшін рақмет. Экономикалық серіктестік және реформалық бағдарламалар екі ал арасындағы екі жақты қарым-қатынасты тереңдету үшін маңызды", - деп жазды Блинкен Тоқаевтың Twitter-дегі аккаунтын белгілеп.

Сондай-ақ АҚШ мемлекеттік департаментінің басшысы Астана әуежайынан түсірілген суретті жариялады. Ол бұл жазбасын қазақша сәлемдесуден бастады.

"Қайырлы күн, Қазақ елі! Маған сапарым және Қазақстанда өткізген нәтижелі кездесулерім ұнады. Президент Тоқаевқа және Сыртқы істер министрлігіне Қазақстанда жылы қарсы алғаны үшін және кездесуді С5+1 форматында өткізгені үшін рақмет айтамын", - деп Блинкен сөзін түйіндеді.

Еске сала кетейік, 28 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенді қабылдады. Блинкен елге келген сапарында санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011263-uzaq-uaqyt-umytylmaidy-blinken-zelide-qazaqsa-amandasyp-qazaqstanga-saparynan-suretter-zariyalady/

pixel