Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Тоқаев пен Мирзиеевтің бейресми кездесуі неліктен Шымкентте өткенін түсіндірді

Опубликовано:

Шавкат Мирзиеев және Қасым-Жомарт Тоқаев
Шавкат Мирзиеев және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

СІМ ресми өкілі ведомствоның брифингінде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Шымкенттегі бейресми кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет басшылары Шымкентте кездесуге шешім қабылдады, өйткені бұл миллион тұрғыны бар қала және ол Өзбекстанмен шекарада орналасқан. Бізде осы бағыттағы сауда, транзиттік әлеует, мәдени байланыстар өте белсенді дамып келеді. Сондықтан Қазақстанның басқа қаласы емес, Шымкентте (президенттер кездесуге шешім қабылдады – ред.)", – деді ол.

Ресми өкіл аталған кездесуге қатысты барлық ақпаратты президенттің баспасөз қызметі таратқанын атап өтті.

"Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары кез келген уақытта осылай кездесіп, көршілес, бауырлас түрде кейбір мәселелерді талқылай алатыны қуантады", – деп қосты Айбек Смадияров.

Еске салсақ, 3 наурыз, жұма күні Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Шымкентте бейресми жағдайда кездескен болатын.

Екі ел басшылары өзара тауар айналымын арттыру, инвестиция тарту, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы қарым-қатынастарды дамыту перспективаларын талқылағаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011949-sim-toqaev-pen-mirzieevtin-beiresmi-kezdesui-nelikten-symkentte-otkenin-tusindirdi/