Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОСК мәжілістің жаңа депутаттарын тіркеді

Опубликовано:

Үстел үстіндегі ноутбуктер
Ноутбук. Көрнекі фото: Рexels.com

19 наурызда өткен сайлаудан кейін ОСК брифингінде VIII шақырылымдағы мәжілістің жаңадан сайланған депутаттары ресми түрде тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізім бойынша және бір мандатты аумақтық округтер бойынша мәжілістің 98 депутатын тіркеп, оларға куәліктер мен төсбелгілер берілді.

"Құрметті парламент мәжілісінің депутаттары, ОСК тіркелген сәттен бастап сіздердің өкілеттіктеріңіз басталды. Осы сәттен бастап сіздер еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын елдің жоғары өкілді органы – Қазақстан Республикасы парламентінің депутаттарысыз.

Баршаңызды халық таңдауы болуыңызбен құттықтаймын. Сіздер парламентте оның көппартиялылығы жағдайында заң шығарумен айналысатын боласыздар. Барлық 98 депутат тікелей сайлау құқығы негізінде, яғни тікелей азаматтар арқылы сайланды", – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Еске салайық, кеше ОСК өкілдері Қазақстанда 19 наурызда өткен мәжіліс депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады.

Қазақстандықтар партиялық тізім бойынша мәжіліс депутаттарын, сондай-ақ бір мандатты аумақтық округтерден 29 депутатты сайлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014377-osk-mazilistin-zana-deputattaryn-tirkedi/

pixel