Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОСК Қазақстандағы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады

Опубликовано:

Қазақстандағы сайлау
Қазақстандағы сайлау: Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық сайлау комиссиясының өкілдері ведомство отырысында 19 наурыз күні Қазақстанда өткен мәжіліс депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

19 наурызда Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы өтті. Қазақстандықтар партиялық тізімдер мен бір мандатты округтер бойынша мәжіліс депутаттарын, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлады.

Партиялық тізімдер бойынша мәжіліс депутаттарына дауыс беру қорытындылары ОСК мәліметіне сәйкес, дауыстар келесідей бөлінді:

  • Amanat партиясына 53,90 пайыз немесе 3 431 510 сайлаушы (40 мандат) дауыс берді;
  • "Ауыл" партиясы үшін 10,90 пайыз немесе 693 938 сайлаушы (8 мандат);
  • Respubliсa партиясы үшін 8,59 пайыз немесе 547 154 сайлаушы (6 мандат);
  • "Ақ жол" партиясы үшін 8,41 пайыз немесе 535 139 сайлаушы (6 мандат);
  • ҚХП үшін 6,80 пайыз немесе 432 920 сайлаушы (5 мандат);
  • ЖСДП партиясы үшін 5,20 пайыз немесе 331 058 сайлаушы (4 мандат);
  • "Байтақ" партиясы үшін 2,30 пайыз немесе 146 431 сайлаушы (партия мәжіліске өткен жоқ).
  • "Барлығына қарсы" деген бағанды ​​3,90 пайыз, яғни 248 291 сайлаушы таңдаған.

Сайлауға жалпы саны 6 366 441 адам қатысып, дауыс берген.

Бір мандатты сайлау округтері бойынша мәжіліс депутаттарына дауыс беру қорытындылары

Округтік сайлау комиссиялары дауыс беру қорытындылары бойынша мынадай мәліметтерді ұсынды:

  • № 1 сайлау округі (Астана): сайлау бюллетеніне 37 кандидат енгізілді, олардың ішінде Дәулет Тұрлыханов 71 698 дауыс жинады;
  • № 2 сайлау округі (Астана): сайлау бюллетеніне 34 кандидат енгізілді, олардың ішінде Дәулет Мұқаев 51 769 дауыс жинады;
  • № 3 сайлау округі (Алматы қаласы): сайлау бюллетеніне 30 кандидат енгізілді, оның ішінде Ермұрат Бапи 23 690 дауыс жинады;
  • № 4 сайлау округі (Алматы қаласы): сайлау бюллетеніне 28 кандидат енгізілді, оның ішінде Ерлан Стамбеков 15 930 дауыс жинады;
  • № 5 сайлау округі (Алматы қаласы): сайлау бюллетеніне 24 кандидат енгізілді, олардың ішінде Бақытжан Базарбек 22 685 дауыс жинады;
  • № 6 сайлау округі (Шымкент): бюллетеньге 8 кандидат енгізілді, олардың ішінде Данабек Исабеков 21 098 дауыс жинады;
  • № 7 сайлау округі (Шымкент): сайлау бюллетеніне 7 кандидат енгізілді, олардың ішінде Болатбек Нәжметдинұлы 19 851 дауыс жинады;
  • № 8 сайлау округі (Абай облысы): сайлау бюллетеніне 7 кандидат енгізілді, олардың ішінде Нұртай Сабильянов 131 872 дауыс жинады;
  • № 9 сайлау округі (Ақмола облысы): сайлау бюллетеніне 10 кандидат енгізілді, олардың ішінде Айна Мысырәлімова 154 587 дауыс жинады;
  • № 10 сайлау округі (Ақтөбе облысы): сайлау бюллетеніне 11 кандидат енгізілді, олардың ішінде Қазыбек Әлішев 238 195 дауыс жинады;
  • №11 сайлау округі (Алматы облысы): 9 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Ардақ Назаров 122 242 дауыс жинады;
  • №12 сайлау округі (Алматы облысы): 14 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Данияр Қасқарауов 153 225 дауыс жинады;
  • №13 сайлау округі (Атырау облысы): 11 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Әділ Жұбанов 107 973 дауыс жинады;
  • №14 сайлау округі (Батыс Қазақстан облысы): 9 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Абзал Құспан 126 784 дауыс жинады;
  • №15 сайлау округі (Жамбыл облысы): 6 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Мұқаш Ескендіров 99 021 дауыс жинады;
  • №16 сайлау округі (Жамбыл облысы): 6 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Гүлдана Нұрымова 190 078 дауыс жинады;
  • №17 сайлау округі (Жетісу облысы): 13 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Руслан Қожасбаев 132 678 дауыс жинады;
  • №18 сайлау округі (Қарағанды облысы): 9 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Құдайберген Бексұлтанов 132 471 дауыс жинады;
  • №19 сайлау округі (Қарағанды облысы): 10 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Арман Қалықов 145 228 дауыс жинады;
  • №20 сайлау округі (Қостанай облысы): 10 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Әбіл Еркін 192 175 дауыс жинады;
  • №21 сайлау округі (Қызылорда облысы): 10 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Мархабат Жайымбетов 148 646 дауыс жинады;
  • №22 сайлау учаскесі (Маңғыстау облысы): 9 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Еділ Жаңбыршин 117 386 дауыс жинады;
  • №23 сайлау округі (Павлодар облысы): 11 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Амантай Жарқынбек 168 625 дауыс жинады;
  • №24 сайлау округі (Солтүстік Қазақстан облысы): 10 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Еркебұлан Мәмбетов 153 736 дауыс жинады;
  • №25 сайлау округі (Түркістан облысы): 4 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Қайрат Балабиев 142 595 дауыс жинады;
  • №26 сайлау округі (Түркістан облысы): 6 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Ұласбек Сәдібеков 92 445 дауыс жинады;
  • №27 сайлау округі (Түркістан облысы): 9 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Темір Қырықбаев 117 584 дауыс жинады;
  • №28 сайлау округі (Ұлытау облысы): 8 кандидат бюллетеньге енгізілді, олардың ішінде Ерболат Сатыбалдин 44 406 дауыс жинады;
  • №29 сайлау округі (Шығыс Қазақстан облысы) бюллетеньге 10 кандидат енгізілді, олардың ішінде Лұқбек Тұмашинов 165 596 дауыс жинады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014178-osk-qazaqstandagy-mazilis-sailauynyn-qorytyndysyn-zariyalady/