Қазақстан үкіметі отставкаға кетті
Жарияланған күні:
Еліміздің үкіметі отставкаға кетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014477-qazaqstan-ukimeti-otstavkaga-ketti/