Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат атанған Асхат Аймағамбетов мәжілістегі комитеттің бірін басқарады

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: primeminister.kz

Мәжілістің VIII шақырылымының алғашқы отырысында комитет төрағалары сайланды. Олардың ішінде бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов те бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мәжілістің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Сонымен мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып Асхат Аймағамбетов;

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болып Снежанна Имашева;

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып Мәди Такиев;

Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы болып Еділ Жаңбыршин;

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып Айгүл Құспан;

Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы болып Серік Егізбаев;

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов сайланды.

Айта кетейік, бүгін Астанада VIII сайланған парламенттің алғашқы сессия өтіп, оның барысында Ерлан Қошанов мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды.

Ал оның орынбасалары болып Альберт Рау және Дания Еспаева сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014557-deputat-atangan-asxat-aimagambetov-mazilistegi-komitettin-birin-basqarady/

pixel