Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымын сақтап қалды

Опубликовано:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: t.me/KZgovernment

Мемлекет басшысының жарлығымен Әлихан Смайылов үкімет басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.

Айта кетейік, бүгін Amanat партиясы жаңа премьер-министрдің лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын ұсынған еді.

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесіп, үкімет басшысы лауазымына Amanat партиясы ұсынған кандидатты талқылады.

Сондай-ақ мәжілістің пленарлық отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, өзі де премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынатынын жеткізді.

Осыдан кейін оның кандидатурасы дауысқа салынды. Дауыс беруге 98 депутаттың 97-і қатысты. Нәтижесінде Смайыловтың кандидатурасын 82 депутат қолдаса, 7-еуі қарсы болып, 8 депутат қалыс қалды.

Осылайша, мәжіліс депутаттары премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты тағайындауға келісім берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Әлихан Смайылов Қазақстан үкіметін 2022 жылғы 11 қаңтардан 2023 жылғы 29 наурызға дейін басқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2014698-alixan-smaiylov-premer-ministr-lauazymyn-saqtap-qaldy/

pixel