Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында тағайындалған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ант берді

Опубликовано:

Алмасадам Сәтқалиев
Алмасадам Сәтқалиев. Фото: t.me/KZgovernment

Бүгінгі үкімет отырысында таяуда жаңадан тағайындалған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ант берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үкімет отырысына Алмасадам Сәтқалиев алдағы жылыту маусымына дайындық туралы есеп берді. Жұмыс барысын айтпас бұрын ол ант берді.

"Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін", - деді ол.

Айта кетейік, 4 сәуірде бұған дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі болды.

Сондай-ақ үкімет басшысы Әлихан Смайылов жаңадан тағайындалған Энергетика министрін ұжымға таныстырып, алда тұрған міндеттерді атаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2016286-zaqynda-tagaiyndalgan-energetika-ministri-almasadam-satqaliev-ant-berdi/

pixel