Тоқаевтың Қытайға қандай себеппен баратыны белгілі болды
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорда Телеграм арнасында хабарлады.
"Мемлекет басшысы Сиань қаласында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.
Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.
Сондай-ақ президент Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия + Қытай" саммитіне қатысады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін басылым беттерінде мемлекет басшысының Қытайға баратыны жазылған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2019789-toqaevtyn-nelikten-qytaiga-baratyny-belgili-boldy/