jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаевтың Қытайға қандай себеппен баратыны белгілі болды

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин
    Фото: akorda.kz

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорда Телеграм арнасында хабарлады.

    "Мемлекет басшысы Сиань қаласында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.

    Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция,  көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.

    Сондай-ақ президент Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

    Бұдан бөлек, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия + Қытай" саммитіне қатысады", - делінген хабарламада.

    Еске сала кетейік, бұған дейін басылым беттерінде мемлекет басшысының Қытайға баратыны жазылған еді.

    Тоқаевтың Қытайға қандай себеппен баратыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.