jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қызылорда облыстық полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

    Махсудхан Аблазимов
    Махсудхан Аблазимов. Фото: t.me/police_of_kz

    Махсудхан Аблазимов Қызылорда облысы полиция департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлады.

    "Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Қызылорда облысы ПД-нің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Жаңа басшыны жеке құрамға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев таныстырған.

    Махсудхан Аблазимов 1962 жылы туған. Ішкі істер органдарындағы қызмет жолын 1981 жылы бастаған. Жауапты басшылық қызметтерде болған.

    2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін БҚО полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы болып Арман Оразалиев тағайындалғанын жазған едік.

    Қызылорда облыстық полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.