Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ердоғанды президент сайлауының бірінші турындағы жеңісімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

Ақорданың ақпаратынша, әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркиядағы президент сайлауының бірінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады.

Президент сондай-ақ парламенттік сайлауда Әділет және даму партиясы бастаған республикалық альянстың жеткен жетістігін атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия президенттері бауырлас екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

Еске салайық, кеше, 14 мамырда Түркияда президент сайлауы басталды. Cайлау 2023 жылдың маусымында өтеді деп жоспарланған, бірақ 23 қаңтарда Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайип Ердоған елдегі сайлау 14 мамырға белгіленгенін мәлімдеген болатын.

Саяси науқанда додаға түскен кандидаттардың ешбірі халық дауысының 50 пайвзвн жинамаған. Жергілікті уақыт бойынша сағат 15:15-те (Астана уақыты бойынша 18:15) Ердоған 49,51 пайыз, Кылычдароглу - 44,88 пайыз, Оган - 5,17 пайыз дауыс жинаған.

Сол себепті 28 мамыр күні Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2020656-toqaev-erdogandy-prezident-sailauynyn-birinsi-turyndagy-zenisimen-quttyqtady/

pixel