Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

28 мамыр күні Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді

Опубликовано:

Түркиядағы президент сайлауы
Түркиядағы президент сайлауы. Фото: Moe Zoyari/Bloomberg via Getty Images

Түркия Жоғары сайлау комиссиясы президенттік сайлаудың екінші туры өтетінін ресми түрде жариялады. Екінші тур 28 мамырда өтпек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Түркия Орталық сайлау комиссиясы басшысының айтуынша, президент сайлауының екінші кезеңі 28 мамырда өтеді. Сонымен қатар ол президенттік сайлаудың екінші турын өткізу бойынша үгіт-насихат науқаны басталғанын хабарлады.

"Ұйымымыз үміткерлердің ешқайсы 50 пайыздан жоғары дауыс жинай алмағанын негізге ала отырып, жексенбі, 28 мамырда президенттік сайлаудың екінші турын өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл Түркия тарихындағы бірінші жағдай", - деп мәлімдеді комиссия басшысы Ахмет Йенер.

Сондай-ақ сайлау кезінде жергілікті уақыт бойынша сағат 15:15-те (Астана уақыты бойынша 18:15) Ердоған 49,51 пайыз, Кылычдароглу - 44,88 пайыз, Оган - 5,17 пайыз дауыс жинағанын айтты.

Оның айтуынша, шетелде дауыс берген сайлаушылардың 35 мыңнан астам бюллетеннің нәтижесі әлі саналып біткен жоқ.

Түркиядағы сайлау учаскелерінен алынған дауыстарды санау жұмыстары толық аяқталғаны хабарланған.

Еске сала кетейік, алдын ала болжам бойынша Түркияның қазіргі президенті Ердоған бірінші орынға шыққаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2020648-28-mamyr-kuni-turkiyada-prezidenttik-sailaudyn-ekinsi-kezeni-otedi/

pixel