Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин : Telegram / @aqorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасында екі ел басшысының кездесуінен видео жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейнежазбаның кадрларында Қытай Халық Республикасының төрағасымен кездесуге келген Қазақстан басшысының кортежі көрсетілген.

Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, кейін ортақ суретке түсті.

Еске сала кетейік, бүгін, 17 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келген болатын.

Кездесу барысында екі елдің басшысы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономика, мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, білім және ғылым, қаржы салаларындағы жан-жақты ынтымақтастығын дамыту, көлік-транзит әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ олар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Ертең президентте Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездесіп, Қазақстандағы логистикалық орталықтың құрылысын бастау салтанатына қатысу жоспарланған.

Ал 19 мамырда мемлекет басшысы Орталық Азия-Қытай саммитіне қатысады. Сондай-ақ Сиань қаласындағы еліміздің бас консулдығының салтанатты ашылуына қатысу жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2020976-qasym-zomart-toqaev-qxr-toragasy-si-czinpinmen-kezdesti/

pixel