Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыс орнынан алып кетті": Талдықорған қаласының әкімі жансақтау бөліміне түскен

Опубликовано:

Әсет Масабаев
Әсет Масабаев. Фото: instagram.com/taldykorganakimat

Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев жансақтау бөліміне түсті. Ақпаратты қала әкімінің баспасөз хатшысы растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Осыдан бірнеше күн жұмыс уақытында болған жағдай. Жұмыс орнынан жедел жәрдем көлігі алып кетті. Жүйке жүйесіне байланысты ауруханаға түсті. Қазір жағдайы бірқалыпты. Жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Бас дәрігердің бақылауында. Әлі нақты диагноз қойылған жоқ", - дейді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Мади Шакенов.

Қала әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Әсет Масабаев 1985 жылы 27 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген.

2008 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын, 2014 жылы Экономика және құқық академиясын, 2014 жылы Ресей халықтар достығы университетін бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы "Алматы электр станциялары" ЖЭО-2 4-біліктілік тобындағы электр станцияларының жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер болып бастаған.

Кейін "Наз" ЖШС-де 4-біліктілік тобының бас энергетигі, "Алмаз және КЮС" ЖШС-нің техникалық директоры, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, энергия және жылумен қамту бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

Сондай-ақ әр жылдары Жетісу және Медеу аудандары әкімдерінің орынбасары, Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, қаланың Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының, Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі болған.

2022 жылғы 4 наурыздан бері Талдықорған қаласының әкімі қызметін атқаруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2021142-taldyqorgan-qalasynyn-akimi-zansaqtau-bolimine-tusken/

pixel