Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Италия халқы мен елдің премьер-министріне көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесіп, ел халқына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты премьер-министр Джорджа Мелониға және барша Италия халқына көңіл айтты.

Телефон арқылы әңгімелесу барысында ел басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылаған.

Ақорда келтірген ресми дерек бойынша былтыр екі елдің өзара тауар айналымы 15 млрд долларға жуықтаған. Екі ел экономиканың түрлі саласында тығыз қарым-қатынас жасап келеді. Қазақстанда Италияның 270-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеуде.

Сондай-ақ мемлекет басшылары энергетика, көлік, өнеркәсіп кооперациясы және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2021769-toqaev-italiya-xalqy-men-eldin-premer-ministrine-konil-aitty/

pixel