Алтай Әлі Көлік комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Алтай Сембекұлы Әлі Көлік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтында хабарланды.
Алтай Әлі 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы "Рахат Палас Отель" қонақ үйінде байланыс орталығының қызметкері ретінде бастаған.
2010-2011 жылдары – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялау департаментінің менеджері.
2014-2015 жылдары – Астана қалалық сотының бас маманы.
2015-2018 жылдары – Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің құрылымында жұмыс істеген.
2018 жылы Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, көмекшісі.
2018-2019 жылдары – Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі.
2019-2020 жылдары – Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған.
2021 жылдың ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2022761-altai-ali-kolik-komitetinin-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.