Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Аружан Саин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Аружан Саин. Фото: Т.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

"Кездесу барысында балалардың денсаулығы мен әлеуметтік тұрғыда қорғалуына, сондай-ақ балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекетке қатысты өзекті мәселелер талқыланды", – делінген хабарламада.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аружан Саин мемлекет басшысына Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде атқарған қызметі туралы есеп берді.

Президент кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін пәрменді шаралар қабылдау, сондай-ақ жетім балалардың құқықтарын қорғауға берілген кепілдікті сақтау, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау маңызды екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқығын қорғау және денсаулығын сақтау жүйесін нығайту аса маңызды екенін атап өтті. Сондықтан балаларды қорғауға қатысты барлық ұсыныс пен бастаманы жүзеге асырмас бұрын мұқият зерттеу қажет.

Мемлекет басшысы туындаған түйткілдерді шешуге тікелей атсалысу үшін Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жергілікті жердегі жұмысын жандандыру қажет екеніне назар аударды.

Президент Бала құқықтары жөніндегі уәкілге бірқатар міндет жүктеді.

Атап айтқанда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту, балаларға қатыгездік жасау фактілеріне дер кезінде мән беру, буллингке қарсы күресу, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидке итермелейтін әрекеттердің алдын алу, арнайы білім алуға мұқтаж балаларды қолдау, сондай-ақ жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударуды тапсырды.

Еске сала кетейік, кеше, 31 мамырда мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2022952-toqaev-bala-quqyqtary-zonindegi-uakil-aruzan-saindy-qabyldady/

pixel