Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысады
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусым күні Режеп Тайип Ердоғанның шақыруы бойынша Анкараға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Осы күні мемлекет басшысы Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жексенбі, 28 мамырда Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтіп, сайлау қорытындысы бойынша қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған 52,14 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.
Кейін әлем көшбасшылары мен халықаралық ұйымдар Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтай бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Ердоғанды президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады.
Ал бүгін, Режеп Тайып Ердоған ресми түрде президенттік сайлаудың жеңімпазы деп танылды.
Еске сала кетсек, Түркияда президент сайлауының бірінші кезеңі 14 мамырда өткен болатын. Алайда ол кезде кандидаттардың ешбірі 50 пайыз дауыс жинай алмаған еді.
Ереже бойынша кандидат сайлауда жеңіске жету үшін сайлаушылардың 50 пайыздан астам дауысын жинауы тиіс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2023000-toqaev-3-mausymda-zumys-saparymen-ankaraga-barady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.