Мезгілсіз қайтыс болған Гүлмира Кәрімованың орнына СҚО-дан Әсем Рахметова сенат депутаты болды
Жарияланған күні:
Мезгілсіз қайтыс болған Гүлмира Кәрімованың орнына Солтүстік Қазақстан облысынан сенат депутаты болып Әсем Рахметова сайланды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 2 маусымда парламент сенатының бос қалған мандаты үшін Солтүстік Қазақстан облысынан сайлау өтетінін хабарлаған еді.
Сондай-ақ ОСК СҚО-дан сенаты депутаттығына екі кандидат үміткер болып отырғанын мәлім еткен болатын.
Бүгін сайлау өтіп, дауыс берудің алдын ала нәтижелері шығарылған.
ОСК мәліметінше, сайлауға қатысқан 180 сайлаушының 134-і Amanat партиясының СҚО филиалындағы төрағасы Әсем Рахметоваға дауыс берген.
Еске сала кетейік, биыл қаңтар айының соңында СҚО-дан сенат депутаты болып сайланғанына небәрі екі аптадай уақыт болған сенатор Гүлмира Кәрімова мезгілсіз дүниеден өткен еді.
Кейін Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысына сәйкес, депутаттың өліміне жүрек талмасы (жедел миокард инфарктісі) себеп болғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2023092-asem-raxmetova-sqo-dan-senat-deputaty-bolyp-sailandy/