Сенатор Гүлмира Кәрімованың қазасына қатысты тың ақпарат пайда болды
Жарияланған күні:
Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысына сәйкес, науқас өлімінің тікелей себебі – жүрек талмасы (жедел миокард инфарктісі). Анафилактикалық шок диагнозы расталған жоқ.
Сонымен қатар, пациентке жедел жәрдемнің 5 минутта жеткенін атап өткіміз келеді. Өкінішке қарай, команда келген сәтте науқастан өмір белгілері байқалмады. Тыныс алуы тоқтаған, тамыр соқпай тұрды. Дегенмен реанимациялық шаралар жүргізілді. Алайда, одан нәтиже болмады", - делінген Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін жаңадан сайланған сенат депутаты Гүлмира Кәрімова 45 жасында мезгілсіз дүниеден өткен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007155-senator-gulmira-karimovanyn-qazasyna-qatysty-tyn-aqparat-paida-boldy/