Тоқаев Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Орталық Азия – Еуропалық Одақ" саммиті аясында мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельмен кездесу өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестікке баса мән беретінін атап өтті.
Еліміздің Еуропалық Одақпен жасаған Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімі берік қарым-қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашты. Бүгінде ЕуроОдақ – Қазақстанның жетекші сауда серіктесі және экономикамыздың ең ірі инвесторы.
Өз кезегінде Шарль Мишель ЕуроОдақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеу керек екенін атап өтті.
Сондай-ақ олар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2023149-toqaev-europalyq-kenestin-prezidenti-sarl-miselmen-kezdesti/