Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды

Жарияланған күні:

Алтай Көлгінов
Алтай Көлгінов. Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

Алтай Көлгінов үкімет басшысының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген.

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

2001-2008 жылдары Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарған.

2008-2010 жылдары жеке меншік компанияда жұмыс істеген.

2010-2012 жылдары Қазақстан президенті әкімшілігінің аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2013-2016 жылдары – Орал қаласының әкімі, 2016-2019 жылдары – Батыс Қазақстан облысының әкімі, 2019 жылғы маусымнан 2022 жылғы желтоқсан аралығында Астана қаласының әкімі болған.

2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан президентінің жарлығымен премьер-министрдің орынбасары қызметіне келіп, 2023 жылғы 3 сәуірде бұл қызметке қайта тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2023863-toqaev-altai-kolginovti-premer-ministrinin-orynbasary-lauazymynan-bosatty/