Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысындағы өртке байланысты Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары шегерілді

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Архивтік фото: Ақорда

Президенттің баспасөз қызметі Абай облысындағы өртке байланысты мемлекет басшысының Вьетнамға сапары кейінге қалдырылғанын хабарлады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында мәлімдеді.

"Абай облысындағы алапат өртке байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді.

Президент шұғыл кеңес өткізу және апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету шараларын қабылдау үшін Абай облысына баруды жоспарлап отыр", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары жайлы былтыр тамыз айында жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2024185-abai-oblysyndagy-ortke-bailanysty-toqaevtyn-vetnamga-resmi-sapary-segerildi/