Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды (видео)
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына ұшып келді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Сапар барысында президент орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады, шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізеді және өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездеседі", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Еске сала кетсек, 8 маусымда Абай облысындағы Батпаев орман шаруашылығының аумағында алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақта ағаштар жанған болатын.
Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру жұмыстары алты учаскеде жүріп жатқанын, өрттің ауданы шамамен 60 мың гектарды құрайтынын хабарлады.
Бүгін, 11 маусымда Абай облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдар және Қорғаныс министрлігінен 1500 жуық адам, 290 астам техника жұмылдырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2024264-toqaev-zumys-saparymen-abai-oblysyna-bardy/