Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев шұғыл әрекет ету штабының отырысын аяқтады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы шұғыл әрекет ету штабының отырысында орман ішінде қауіпсіздік ережелерін бұзған азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту керектігін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram арнасында хабарлады.

"Жаздың ыстығы енді ғана басталды. Кез келген уақытта өрт шығуы мүмкін. Сондай кезде өртке төтеп беру үшін дайындық сақадай сай болуға тиіс. Үкімет осыған байланысты шұғыл шаралар қабылдауы керек.

Орман алқаптарына келіп, қауіпсіздік ережелерін бұзған азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Олар от жағып, оны өшірмей кетеді, бұл қайғылы жағдайға алып келеді.

Осымен жиналыс аяқталды. Дереу іске кірісу қажет", - деп қорытындылады шұғыл әрекет ету штабының отырысын Тоқаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізгендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жариялаған еді.

Президент Абай облысында өткен шұғыл әрекет ету штабының отырысында өрт кезінде жіберілген қателіктер туралы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2024290-qauipsizdik-erezelerin-buzgandardy-qylmystyq-zauapkersilikke-tartu-kerek-toqaev-sugyl-areket-etu-stabynyn-otyrysyn-ayaqtady/