Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Зәкиева еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі болды

Опубликовано:

Динара Зәкиева
Динара Зәкиева. Фото: instagram.com/zakiyevadinara

Динара Зәкиева еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды", делінген хабарламада.

"Параграф" ақпараттық жүйесінің мәліметінше, Динара Закиева 1982 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.

Қытайдағы Тіл және мәдениет институтын, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын "халықаралық құқық мамандығы" бойынша, сондай-ақ БАӘ-дегі MBA Hult халықаралық бизнес мектебін бітірген.

Қазақ, орыс, ағылшын, француз және қытай тілдерін біледі.

2004-2005 жылдар аралығында "ТопЮрАудит" ЖШС бас директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

2005 жылы – Индустрия және сауда министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бас маманы.

2006 жылы – "Antarex" ЖШС және Астана қаласындағы "Rafe" мейрамханалар желісінің негізін қалаушы.

2007-2013 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігінде президент хаттамасының сарапшысы.

2011 жылы – "Қасиетті жол" қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы.

2013-2015 жылдары – Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары хатшылығы меңгерушісінің орынбасары – партияның халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекішісі.

2017-2019 жылдары – Астана қаласы әкімдігінің "Балалар үйі" КММ директоры.

2019 жылы – Nur Otan партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы.

2019-2021 жылдары – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы "Қамқорлық қоры" корпоративтік қорының басшысы.

2022 жылдан бастап "Аманат" партиясының Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің жетекшісі қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар Динара Закиева 2021 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін парламент мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты болған.

"Құрмет" орденімен марапатталған.

Айта кетейік, бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған Аружан Саин лауазымынан босатылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2024362-toqaevtyn-okimimen-dinara-zakieva-bala-quqyqtary-zonindegi-uakil-lauazymyna-tagaiyndaldy/

pixel