Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Германия президенті Тет-а-тет форматында келіссөз жүргізді

Опубликовано:

Франк-Вальтер Штайнмайер мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Франк-Вальтер Штайнмайер мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Қазақстан мен Германия президенті келіссөз жүргізіп, қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде екі ел арасындағы саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылған.

Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру, мұнай және газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені атап өтілген.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқан.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Тет-а-тет форматындағы келіссөздер достық рухында өткен және конструктивті әрі мазмұнды болған.

Кездесу соңында екіжақты экономикалық күн тәртібінің бірқатар бағыты бойынша ынтымақтастықты арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілген.

Айта кетейік, кеше, 19 маусымда Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Бүгін Ақордада Франк-Вальтер Штайнмайерді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2025563-qazaqstan-men-germaniya-prezidentteri-tet-a-tet-formatynda-kelissoz-zurgizdi/