Тоқаев Германияның федералды президентін әуежайдан шығарып салды (видео)
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді әуежайдан шығарып салды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның федералды президентін әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты
Франк-Вальтер Штайнмайердің сапары одан әрі Маңғыстау облысында жалғасады.
Айта кетейік, 19 маусымда Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
20 маусымда Ақордада Франк-Вальтер Штайнмайерді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Сонымен қатар Қазақстан мен Германия президенттері келіссөз жүргізді.
Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында бірнеше құжатқа қол қойылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2025699-toqaev-germaniyanyn-federaldy-prezidentin-auezaidan-sygaryp-saldy-video/