Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зауыт салу, институт құру: Қазақстан мен Германия тарапы қандай құжаттарға қол қойды

Опубликовано:

Германия мен Қазақстан тарапы бірнеше құжатқа қол қойды
Германия мен Қазақстан тарапы бірнеше құжатқа қол қойды. Фото: t.me/aqorda_resmi

Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында бірнеше құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Германияның федералды президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық экономика және климат министрлігі арасындағы Қазақстаннан кәсіпорындар басшыларының біліктілігін арттыру жөніндегі ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы бірлескен мәлімдеме;

3. Ұлттық геологиялық қызмет пен федералдық геологиялық ғылымдар және табиғи ресурстар институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

4. Жамбыл облысы әкімдігі мен "Кнауф Гипс Тараз" ЖШС арасында гипсокартон парақтары мен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісім;

5. Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтын құру туралы келісім;

6. "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ мен "Rhenus SE & Co. KG" арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

7. "DВ Engineering & Consulting GmbH" және "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ арасындағы жолаушылар тасымалы және көлік-логистика саласындағы әріптестікті дамыту туралы келісім;

8. "Siemens" технологиясы бойынша ҚР энергетика саласы үшін кернеудің орта класты тарату құрылғыларының өндірісін оқшаулау туралы шарт;

9. Сирек жер металдар қазбаларына геологиялық барлау және оларды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен қызмет туралы келісім.

Айта кетейік, 19 маусымда Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Бүгін Ақордада Франк-Вальтер Штайнмайерді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Сонымен қатар Қазақстан мен Германия президенттері келіссөз жүргізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2025591-zauyt-salu-institut-quru-qazaqstan-men-germaniya-tarapy-qandai-quzattarga-qol-qoidy/