jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Беларусь президентінің баспасөз қызметі: Лукашенко Пригожинмен келісімге келді

    Александр Лукашенко
    Александр Лукашенко. Фото: Mikhail Svetlov/Contributor/Getty Images

    Александр Лукашенко Ресей президенті "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожинмен келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде оны Владимир Путинмен келісімге келуге көндірді, деп хабарлайды Беларусь президенті баспасөз қызметінің Telegram арнасы.

    "Бүгін таңертең Ресей президенті Владимир Путин беларусьтік әріптесін "Вагнер" жеке әскери компаниясының Ресейдің оңтүстігіндегі әрекеті туралы жағдаймен таныстырды. Мемлекет басшылары бірлескен іс-қимылдарды қолға алу туралы келісімге келген.

    Келісімдерді жүзеге асыру барысында Беларусь президенті Ресей президентімен келісе отырып, өз дереккөздері арқылы жағдайды қосымша нақтылап, "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожинмен келіссөздер жүргізді.

    Нәтижесінде олар Ресей аумағында қанды қырғынға жол бермеу туралы келісімге келді. Евгений Пригожин Беларусь президенті Александр Лукашенконың Ресейдегі "Вагнер" компаниясының қаруланған әскерінің қозғалысын тоқтату және шиеленісті бәсеңдету үшін одан әрі шаралар қабылдау туралы ұсынысын қабылдады.

    Қазіргі уақытта үстел үстінде "Вагнер" ЖӘК жауынгерлері үшін қауіпсіздігіне кепілді берілетін, жағдайды шешудің барынша тиімді және қолайлы нұсқасы жатыр », - деп мәлім етті Лукашенко кеңсесі.

    Еске салайық, бүгін түнде Ресей "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожиннің қарулы көтеріліс бастағанын мәлімдеген еді.

    Владимир Путин бұл жайтқа қатысты үндеу жасады. Ол болып жатқан жағдайды сатқындық деп атады.

    Сол арада Қазақстанның Ресейдегі елшілігі азаматтарға Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына бармауды ескертті.

    Беларусь президентінің баспасөз қызметі: Лукашенко Пригожинмен келісімге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.