Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасымбек Ақордада есеп бергеннен кейін Көлгіновтың қызметінен кетуін "кездейсоқтық" деп атады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жеңіс Қасымбек
Жеңіс Қасымбек. Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте оның Ақордаға есеп беруге баруымен Алтай Көлгіновтің отставкаға кетуінің қатысы бар ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Брифингте журналист Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің Ақордаға 7 маусымда су мәселесі бойынша есеп берумен келгенін, ал 8 маусымда таңертең бұған дейін қала әкімі болған вице-премьер-министр Алтай Көлгіновтің қызметінен босатылғаны белгілі болғанын атап өтті.

"Сол күні мен тек судың жай-күйі туралы нақты баяндадым, басқа сұрақтар болған жоқ. Сондықтан даталарда сәйкестік болса, бұл жай ғана сәйкестік", - деді елорда әкімі.

Айта кетсек, Жеңіс Қасымбек 2022 жылдың 8 желтоқсанында Алтай Көлгіновтің орнына Астана қаласының әкімі болып тағайындалған еді. Ал Көлгінов 2019 жылдың жазынан 2022 жылдың соңына дейін Астана қаласы әкімі қызметін атқарды.

Жеңіс Қасымбек Астана әкімі қызметіне дейін Қарағанды облысының әкімі болған.

Былтыр 9 желтоқсанда Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған еді.

Биыл 8 маусымда Алтай Көлгінов бұл қызметінен босатылды. Бір күн бұрын, 7 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің Астананы сумен қамту жағдайы туралы есебін тыңдады.

Астана әкіміне қаланы сумен жабдықтауда ғана емес, басқа да салаларда дағдарыстық жағдайлардың туындауын толық жою мақсатында тез арада жүйелі және жедел шаралар қабылдау тапсырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2026991-qasymbek-aqordada-esep-bergennen-keiin-kolginovtyn-qyzmetinen-ketuin-kezdeisoqtyq-dep-atady/