jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Әлібек Жамауов Энергетика вице-министрі болды

    Әлібек Жамауов
    Әлібек Жамауов. Фото: primeminister.kz

    Үкімет қаулысымен Әлібек Жұмабекұлы Жамауов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.

    Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлібек Жамауов 1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.

    Сүлейман Демирел атындағы университетті, Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2005 жылы Аgip Kazakhstan Caspian Operating компаниясының кіші кеңесшісі болып бастаған.

    2006-2009 жылдары – Аgip Kazakhstan Caspian Operating компаниясының кеңесшісі, супервайзері.

    2009-2015 жылдары – "Жамбыл Петролеум" ЖШС менеджері.

    2015-2019 жылдары – "Жамбыл Петролеум" ЖШС атқарушы директоры.

    2019-2020 жылдары — "PSA" ЖШС техникалық тобының басшысы қызметтерін атқарған.

    2020 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "PSA" ЖШС бас директорының орынбасары болған.

    Әлібек Жамауов Энергетика вице-министрі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.