Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген": Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне арналған шарада
Ұлттық домбыра күніне арналған шара. Астана/2019 жылғы 7 шілде. Фото: aqorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды.

Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз", – деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, Ұлттық Домбыра күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 12 шілдедегі жарлығымен бекітілген болатын.

Осылайша, жыл сайын елімізде шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні аталып өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027197-ruxymyzdy-koterip-mereiimizdi-osirgen-toqaev-ulttyq-dombyra-kunimen-quttyqtady/

pixel