Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Абаевпен кездесуде
Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Абаевпен кездесуде. Фото: aqorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Дәурен Абаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың аса маңызды екенін атап өткен.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма берген.

Еске сала кетейік, Дәурен Абаев жуырда Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027681-toqaev-qazaqstannyn-reseidegi-zanadan-tagaiyndalgan-elsisi-dauren-abaevty-qabyldady/

pixel