Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Шавкат Мирзиеевті президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады

Опубликовано:

Тоқаев пен Мирзиеев
Тоқаев пен Мирзиеев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Өзбекстан Республикасының президенті сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысы дауыс беру қорытындысы елді орнықты дамытуға, оның тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған Өзбекстан президенті ұстанымының жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын айқын көрсетеді деп атап өтті.

Әңгімелесу барысында президент қазақ-өзбек қатынастарын стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты және алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2028023-toqaev-ozbekstandagy-prezident-sailauynda-zeniske-zetken-savkat-mirziyoevti-quttyqtady/

pixel