Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқарбек Ертаев Көші-қон комитетінің төрағасы болды

Опубликовано:

Асқарбек Ертаев
Асқарбек Ертаев. Фото: primeminister.kz

Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты.

"ҚР премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

"Нұр" Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының өнеркәсіп, көлік, байланыс, құрылыс және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі II санаттағы маманы болып бастаған.

2000-2014 жылдары банк саласында әр түрлі қызметте жұмыс істеген.

2014-2021 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің бас сарапшысы, басқарма бастығы, директордың орынбасары, Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры, 2021-2022 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесі талдау бөлімінің сектор меңгерушісі болған.

2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін үкімет аппаратының экономикалық бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2028056-asqarbek-ertaev-kosi-qon-komitetinin-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel