Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ернар Лазар Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Ернар Лазар Президент әкімшілігі Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Лазар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.

Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2028238-ernar-lazar-prezident-akimsiliginin-syrtqy-sayasat-zane-xalyqaralyq-bailanystar-boliminin-mengerusisi-lauazymyna-tagaiyndaldy/

pixel