Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Күлдіков Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Марат Күлдіков
Марат Күлдіков. Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты

Марат Күлдіков еліміздің Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы үкімет ресми сайтында хабарлады.

"Үкімет қаулысымен Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков берген өтінішіне сәйкес ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген үкіметтің баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Марат Күлдіков өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берген еді. Сол кезде ТЖМ баспасөз қызметі оның отставкаға өтініш беруі мемлекет басшысының сынына байланысты емес екенін мәлімдеген болатын.

Еске сала кетсек, Абай облысындағы ірі өрт кезінде жедел штабтың отырысында президент Марат Күлдіковтің сөзін бөліп, шенеуніктерді сынға алған еді.

Марат Күлдіков 1967 жылы Семей облысында дүниеге келген.

ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, ТЖА Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Семей қаласын күзету жөніндегі ІІБ №79 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші болып бастаған.

1993-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамда түрлі лауазымда қызмет атқарған.

2012-2014 жылдары – Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2014-2016 жылдары – Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2016-2019 жылдары – ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.

2019-2020 жылдары – Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары болған.

2020 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін еліміздің Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2028697-marat-kuldikov-totense-zagdailar-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel