Тоқаев Жидда қаласына жұмыс сапарымен барды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Жидда қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Мемлекет басшысын әуежайда Мекке провинциясы губернаторының орынбасары, ханзада Бадр бен Сұлтан бен Әбделазиз, Жидда провинциясының губернаторы Салих бен Әли Ат-Түрки қарсы алған.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласында өтетін "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" атты мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады.
Айта кетейік, президенттің Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан басталған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2029190-toqaev-zidda-qalasyna-zumys-saparymen-bardy-foto/