Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді

Опубликовано:

Эмомали Рахмон мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Эмомали Рахмон мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" саммиті аясында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде екі ел басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқыны жоғары екенін атап өткен.

Сондай-ақ Эмомали Рахмонның биыл мамыр айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырған.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға да ерекше назар аударылған.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін талқылаған.

Айта кетейік, мемлекет басшысы аталмыш саммит аясында Кувейттің тақ мұрагерімен кездескен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2029321-toqaev-tazikstan-prezidenti-emomali-raxmonmen-kezdesu-otkizdi/

pixel