Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Кувейттің тақ мұрагерімен кездесті (фото)

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Кувейттің тақ мұрагерімен кездесуде
Мемлекет басшысы Кувейттің тақ мұрагерімен кездесуде. Фото: aqorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейттің тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен кездесті. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

Мемлекет басшысы "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің" бірінші саммиті аясында Кувейт мемлекетінің тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен кездесу өткізген.

Мемлекет басшысы Кувейттің тақ мұрагерімен кездесу өткізуде
Мемлекет басшысы Кувейттің тақ мұрагерімен кездесу өткізуде. Фото: aqorda.kz

Кездесу барысында сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-кувейт ынтымақтастығының даму перспективалары талқыланған.

Президент Кувейтпен байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өткен. Оның айтуынша, Қазақстан екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделі және барлық басым бағыт бойынша өзара іс-әрекетке тың серпін беруге дайын.

Мемлекет басшысы Кувейттің тақ мұрагерімен кездесу өткізуде
Мемлекет басшысы Кувейттің тақ мұрагерімен кездесу өткізуде. Фото: aqorda.kz

Өз кезегінде тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах Астана мен Әл-Кувейт арасындағы достық және өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік салалардағы ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеует бар екенін жеткізген.

Кувейттің тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах
Кувейттің тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах. Фото: aqorda.kz

Айта кетейік, 18 шілдеде мемлекет басшысы "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен келді.

Президенттің жұмыс сапары Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбардың мешітін зиярат етуден басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2029317-toqaev-kuveittin-taq-muragerimen-kezdesti-foto/

pixel