Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Марокко короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Тоқаев пен Марокко королі
Тоқаев пен Марокко королі. Инфографика: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко королі VI Мұхаммедке құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев король VI Мұхаммедті Марокко Корольдігінің ұлттық мейрамы – таққа отырған күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Марокко арасындағы сенімді қарым-қатынастың одан әрі жандана беретініне сенім білдіріп, VI Мұхаммедтің қызметіне табыс тіледі", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдағаны туралы жазған едік.

Ол агенттіктің атқарып жатқан жұмысы туралы баяндаған болатын.

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының сөзінше, жуырда үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіткен. Құжатта сауда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, жылжымайтын мүлік және көлік салаларындағы көлеңкелі операциялардың деңгейін төмендету шаралары қамтылған.

Жанат Элимановтың айтуынша, агенттік қызметінің нәтижесінде шығындар өтеліп, жыл басынан бері 94 миллиард теңгенің көлеміндегі активтер қайтарылған, 5 қылмыстық топ жойылған, тағы үш іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2030413-memleket-bassysy-marokko-koroline-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/

pixel