Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жастар саясатына қатысты бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды тапсырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дархан Қыдырәлі
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дархан Қыдырәлі. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдап, бірқатар тапсырма берді. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

Мемлекет басшысына министрліктің ақпарат, қоғамдық даму, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық сектор, сондай-ақ жастар және отбасы саясатын жүзеге асыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды.

Ведомствоның хабарлауынша, Дархан Қыдырәлі министрлік өз жұмысында отандық телесериалдар өндірісі көлемін ұлғайтып, оларды шетелге таратуға, медиа сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасты жандандыруға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы министрлік азаматтық қоғам институттарымен барлық деңгейдегі байланысты күшейтіп, әр саладағы өзекті мәселелерді қоғаммен кең көлемде талқылауға ашық болуы қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ ведомство мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Қыдырәліге жастар саясатына қатысты бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды, діни бірлестіктер мен этносаралық қарым-қатынас бағытын айрықша назарда ұстауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2031991-toqaev-zastar-sayasatyna-qatysty-bagdarlamalardy-tiimdi-zuzege-asyrudy-tapsyrdy/

pixel