Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев сэр Сума Чакрабартиді қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сума Чакрабарти
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сума Чакрабарти. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сэр Сума Чакрабартиді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Кездесу барысында президент сэр Сума Чакрабартиге экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші лауазымында атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев оның Реформалар жөніндегі жоғары кеңес аясында айтқан ұсыныстары бірқатар бағдарламалық құжатта қолдау тапқанын атап өтті.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Сума Чакрабартидің Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіруге қосқан үлесіне оң баға берді.

Өз кезегінде Сума Чакрабарти зор сенім артқаны үшін мемлекет басшысына ризашылығын жеткізді.

Еске сала кетейік, 10 тамыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдап, бірқатар тапсырма бергені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2032104-toqaev-ser-suma-cakrabartidi-qabyldady/

pixel