jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Бұрынғы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке тағайындалды

    Мұхтар Тілеуберді
    Мұхтар Тілеуберді. Фото: primeminister.kz

    14 тамызда, дүйсенбі күні, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар ауыс-түйіс болды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

    Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

    Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

    Бұрынғы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.